"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Еңбекпен өрілген өмір»

Елімізде 2023 жылдан бері 24 қыркүйек -Еңбек күні деп аталып келеді. «Еңбекпен өрілген өмір» тақырыбындағы онлайн ой—толғауда бар ғұмырын еңбек жолына, ұстаздыққа арнаған, құрметті зейнеткер Жәнібек Ғапбасұлына арнаймыз. Биылғы жылы 75-жасқа толып отырған құрметті Жәнібек Ғапбасұлы жеке кітапханасынан кітапханамызға 80—нен аса кітап сыйға тартты. Әр саланы қамтыған кітаптар - тарих, саясат, педагогика, ауыл шаруашылығы, көркем әдебиеттің әр жанры жинақталған. Ағайдың кітап қорында Қостанай, Торғай елінің сыйлы азаматтары жайлы естелік кітаптар қолтаңбаларымен сақталған. Құрметті Жәнібек Ғапбасұлына! ОӘҒК ұжымы атынан зор құрметпен алғыс айтамыз! Мерекелеріңіз құтты болсын!