"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.09.2023 «Тіл байлық-ізгілік мұрат»

Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы, «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады».  Оқу залында 5 қыркүйек Қазақстан халқы  тілдері күніне орай  «Тіл байлық – ізгілік мұрат» атты сайыс өтті.  5 кезеңнен тұратын бұл сайыста қасиеті терең, құнары мол ана тілімізді қадірлеп, қастерлеуге үндеу мақсатында қызықты сұрақтар қойылып, маңызды деректер айтылды. Сайысқа Торғай гуманитарлық колледжінің бірінші курс студенттері қатысты. Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – ана тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!