Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы, «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай құрылған «Ана тілі – ұлы байлық» көрме арнауын назарларыңызға ұсынамыз!
Көрмеде қасиеті терең, құнары мол ана тілімізді қадірлеп, қастерлеуге үндеу мақсатында құнды туындылар мен зерттеу мақалалар жинақталған.
Ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – ана тіліміздің мерейін асқақтату жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!