"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ата заң – ардақ тұтар айбынымыз»

 

Құрметті оқырмандар! 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, мемлекеттік маңызға ие төл құжатымызды насихаттау мақсатында «Ата заң – ардақ тұтар айбынымыз» тақырыбындағы кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.Көрмеде Қазақ хандығы кезінен бастап Қазақстан халқының құқықтары, бостандығы мен міндеттерінің құрылу тарихын, Кеңес Одағының құрамына кірген Қазақ АССР Конституциясының және Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының барлық құқықтарын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы Конституцияның тарихын баяндайтын кітаптар және 2022 жылы Ата заң тармақтарына енгізілген өзгерістер жайында мерзімді басылымдар ұсынылды. Көрме 22-31 тамыз аралығында ұсынылады.