"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Мәңгілік тұлға - ұлы Абай»

Қазақтың кемеңгер ақыны, дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының тәлімге толы мол мұрасын насихаттау мақсатында көпшілік қауыммен табиғат аясында аллея өткізілді. Абай күніне орай ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары белсене қатысты.Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған түрлі сұрақтар қойылып, тәрбиелік мәні терең қара сөздері мен өлеңдері оқылды. Абай Құнанбайұлын білмейтін жан жоқ деседе болады, қала тұрғындарының бірі өлеңдерін сүйіп оқыса, бірі қара сөздерін өміріне үлгі тұтады.Абай аллеясынан бастау алған шара демалыс саябағында жалғасын тапты, жиналған қауым сұрақ-жауап ойынында қаламгеріміз жайлы білгенін еске түсіре отырып жаңа мәліметтермен де таныса алды. Ақынның поэмаларынан үзінділер жасырылып, қара сөзеріне түсінік берілді. Осылайша дара тұлғамызды еске алып, ойынмен ой қозғадық. Сонымен қатар ойын қатысушылары шағын сыйға ие болып, көпшілікке арнайы дайындалған танымдық карточкалар ұсынылды.

 

Қазақтың кемеңгер ақыны, дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының тәлімге толы мол мұрасын насихаттау мақсатында көпшілік қауыммен табиғат аясында аллея өткізілді. Абай күніне орай ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары белсене қатысты.

Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан алынған түрлі сұрақтар қойылып, тәрбиелік мәні терең қара сөздері мен өлеңдері оқылды. Абай Құнанбайұлын білмейтін жан жоқ деседе болады, қала тұрғындарының бірі өлеңдерін сүйіп оқыса, бірі қара сөздерін өміріне үлгі тұтады.

Абай аллеясынан бастау алған шара демалыс саябағында жалғасын тапты, жиналған қауым сұрақ-жауап ойынында қаламгеріміз жайлы білгенін еске түсіре отырып жаңа мәліметтермен де таныса алды. Ақынның поэмаларынан үзінділер жасырылып, қара сөзеріне түсінік берілді. Осылайша дара тұлғамызды еске алып, ойынмен ой қозғадық. Сонымен қатар ойын қатысушылары шағын сыйға ие болып, көпшілікке арнайы дайындалған танымдық карточкалар ұсынылды.