2018 жылдан бері қазақ елі шілденің алғашқы жексенбісін-Ұлттық домбыра күні деп мерекелеп келеді. «Көненің көзі - киелі домбыра!» көрмесі осы мерекеге арналған. Кітап қорынан алынған қазақтың киелі қара домбырасы жайлы әдебиеттер көрменің мазмұнын ашып тұрғандай! Күмбірлеген домбыра үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт бергендей. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз! Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғиса - дүлдүлдер бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастыруда! Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты, ұзағынан болсын!