Сиқырлы да таңғажайып театр саласы сөз болды. Осы бір керемет өнердің майталмандары мен жарқын тұлғалары көпшілік оқырманға таныстырылды. Ал, кешіміздің қонағы жергілікті жасөспірімдер театрының режиссеры – Кенжебай Дүйсенбайұлы болды. Режиссер өмірі мен өнеріне шолу жасап, өз ісіне, мамандығына ғашық екендігін толығымен баяндап берді. Қиындығы мен қызығы мол мамандыққа баршамыз тәнті болдық. Мерекелік кеш көңілді әнмен әрленіп, қонағымыздың еңбегінен («Үт» кинофильмінен) үзінді көрумен жалғасты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі мен слайд дайындалып, оқырман назарына ұсынылды.
Көңіл қойған кісіге мағлұматы мол, мазмұны тағылымды кеш болды.