"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
19.06.2023 «Әке рухына тағзым етеміз»

Бүгін, 18 маусымда - халықаралық әкелер күні. Өнер бөлімшесі қызметкерлері осы мерекеге орай «Әке рухына тағзым етеміз» тақырыбында Арқалық қаласындағы «Ардагерлер» саябағына барып ақпараттық сағат өткізді. Биылдан бастап «Әкелер күні»  мерекеленетіні жайлы ақпарат айтып,  әкелер мен аталарды мерекелерімен құттықтадық. Әке аты қасиетті «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген ұғымдармен сыйлы да құрметті.  Қазақ әкенің тәлімі мен тәрбиесін қашанда қадір тұтып келген. Асқар тау әкелеріміз жасасын! Сөзіміз - аталы, ісіміз баталы болсын!