«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Өлкенің дарабоз дарыны» тақырыбында әдеби бульвар өтті.
Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жыл таңдауында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармалары таңдалған болатын, осы орайда кітапханамызда шаралар жалғасуда.
Шара қаланың ең көрікті орыны – демалыс саябағында өтіп жиналған қауымды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, жастар арасында әңгімелері талқыланды. Сонымен қатар жазушы шығармалары бойынша викториналар, әдеби ойындар өткізілді.
Бұл акцияға Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері белсене қатысып, жазушы шығармашылығына арналған викториналар мен сын сауалдарға белсенді жауап берді.
Осы акция арқылы жастар, студенттер ғана емес, аға буын да атақты жерлесіміздің еңбегін біліп, бағалап, жақсы көретініне куә болдық.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/2816-09-06-2023-lkeni-daraboz-daryny-2.html#sigProId678ea49479