"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға көптеген адамдар келді. Гүл қою рәсіміне № 2 ОӘҒК ұжымы қатысты.

Біз соғыс, аштық пен репрессияның қасіретін көрмеген ұрпақпыз. Өскелең ұрпақ біздің ата-бабаларымыз қандай ауыр кезеңдерді бастан кешкенін, болашаққа бейбітшілік, келісім мен бірлікті, бағасы биік тәуелсіздікті сыйлау үшін қандай азапты жылдардан өткенін білуі керек. Сол күрделі жылдары қазақ халқы өзін-өзі қорғап қана қоймай, айналасындағы қазақ жеріне жер аударылған басқа ұлт өкілдеріне де қамқорлық танытып, бір шаңырақ астында біріктірді. Күні бүгінде сол батыр ата-бабаларымыздың арманы орындалып, біз тәуелсіз және гүлденген елге айналдық. Бірлік пен бейбітшілік мекеніне айналған киелі шаңырақ астында бір ұлттай болып, 100-ден астам этностың өкілдері тату-тәтті күн кешуде. Мұның бәрі мемлекеттің жасампаз және бейбіт саясаты мен халқымыздың даналығының арқасында. Қашанда бейбітшіліктің берік іргесі сөгілмей, татулық пен келісімді ұран еткен, тәуелсіз мекен болайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!