31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, кітапханамызда қазақ халқының тарихында қаралы нәубет боп жазылған ашаршылық қасіретін түсіну және жазықсыз жапа шеккен арыстарымыздың рухына тағзым ету мақсатында «Талайдың түбіне жеткен отыз жеті, Тарихтың қара түнек ол бір беті» атты кеш реквием болып өтті. Кеш барысында тарих беттеріндегі мәліметтермен бөлісіп, қасіретті ғасырдың нәубетін өлең тілінде сөйлеткен ақындарымыздың жырлары оқылды. Халқымыздың басынан өткен нәубет жылдары ұрпақ жадында қалдыру үшін тарихты танып білуі маңызды екенін ескере отыра «Қиын заман құрбандары мәңгі есте» тақырыбында көрмеге шолу жасалынды.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/2794-30-05-2023-talajdy-t-bine-zhetken-otyz-zheti-tarikhty-ara-t-nek-ol-bir-beti-2.html#sigProId123cf938b6