"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
26.05.2023 «Қиын заман құрбандары мәңгі есте»

31 мамыр саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапханамызда  «Қиын заман құрбандары мәңгі есте » атты кітап көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұтқындардың тағдырын трагедияға айналдырған қасіретті   жылдар кезеңінде,  қазақ халқы да  қатаң мемлекеттік саясаттың  құрбанына айналды. Миллиондаған алаш азаматтары мен ұлт интеллигенциялары  репрессияға ұшырады.

Көрмеде біздің тарихымыздың қайғылы беттері,  саяси қуғын-сүргін және аштық туралы баяндайтын басылымдар ұсынылған:

«Азалы кітап» , «Нәубет», «Қасіретті тағдыр беттері», «Дело №... Летопись горького времени», «Қызылдар қырғыны», «Түнекте тұншыққандар», «Жан дауысы» А.Тасымбекова, «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»,  «Зобалаң» Т.Омарбекова, «Ақтаңдақтар ақиқаты» М.Козыбаева, «Алаш ардақтылары»  Н.Дулатбекова  «Жер тағдыры - ел тағдыры» Т.Шонанова  «Иман күші»,  «Ғаламат жұт шежіресі»  және баспасөз беттерінен алынған мақалалар.

 Бұл жинақтар ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарындағы солақай саясаттың зардаптары мен жан түршіктірер қиындықтарын суреттейді.