Қазіргі таңда кітапханаларда білікті де білімді мамандар дайындау үзіліссіз дамып келеді. Білім,білік, дағды алмасу жұмыстары, әртүрлі зерделі кеңестер жоспарға еніп мақсатты түрде жүргізілуде. Осыған орай облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты аймақтық зерделі кеңес болып өтті. Зерделі кеңеске Жанкелдин ОКЖ, Амангелді ОКЖ, Арқалық ОКЖ қызметкерлері мен әдіскерлері қатысты. Кеңесте облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кеңес барысында Арқалық қалалық ОКЖ библиографы Италмасов Айтжан Құрымғалиұлы «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік», Жанкелдин ОКЖ библиографы Іскендір Гүлнар Сағынтайқызы «Кітапхана – білім беру ақпараттық орталығы», әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Ибикенова Сая Қабылдақызы «Кітапханада өтетін көпшілік іс - шаралардың қызықты формалары», оқу залының кітапханашысы Сейітмағамбет Сымбат Азаматқызы «Заманауи кітапханашының инновациялық мүмкіндіктері»,
ақпараттық сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Грибовский Роман Анатольевич «Мультимедийные технологии в библиотечной работе» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі кітапхананың әлеуетін арттыру үшін бұл айтылған кәсіби кеңестерді әріптестеріміз болашақта іс-тәжірибе барысында қолданады деген ойдамыз.