"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
24.05.2023 «Дарын өлшемі - өнер»

«Торғай топжарғандары» жобасын бағытқа ала отыра, туған жердің тұлғаларын насихаттау мақсатында кітапхананың өнер секторының ұйымдастыруымен композитор, дирижер, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Болат Хамзаұлының 85 жылдығына арналған «Дарын өлшемі - өнер» тақырыбында еске алу кеші өтті. Композитордың өмір жолы, шығармашылығы айтылып, ән-күйлеріне шолу жасалды.  Жерлесіміздің көзін көрген қонақтар естелік айтып, ол туралы деректі фильмнен үзінді тамашаланды. Республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Нұржайна Таубалдының орындауында әннен шашу шашылып, қонақтарға алғыс білдірілді.