"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
23.05.2023 «Дарынды жазушы, дара тұлға»

Нұрманов Ақан Шайдахметұлының туғанына  90 жыл толуына орай «Дарынды жазушы, дара тұлға»   еске алу  кеші өткізілді.

Таңдаулы 100 романының бірі «Құланның ажалы» романының авторы жерлесіміз Ақан Нұрмановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кешімізге  Арқалық қаласының әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы, қаламгердің замандас достары Ақан Кәки Шәріпұлы,  Хамит Досжан Кәмәлиұлы, қаламыздың ардагерлер алқасының төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы, белгілі ақын Молдатай Жапаров, сонымен қатар Арқалық  педагогикалық институтының доценті, ақантанушы Ардақ Әмірханқызы, Арқалық педагогикалық институты филология факультетінің деканы , белгілі айтыскер ақын Айбек Киікбайұлы өз естеліктерімен бөлісіп, қаламгер жайлы жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ Ақан Нұрманов атындағы орта мектебінің оқушылары еске алу кешіне атсалысып, жазушының шығармаларына талдау жасады.  Кеш күмбірлеген күй, әсем ән, бейнебаяндармен өрнектеліп, қаламгер жайлы сыр шертіліп, зиялы қауымның ізгі тілек, алғыстарымен қорытындыланды.