03.03.2018
3 наурызда Арқалық қаласы жасөспірімдер театрында «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты байқауы өткізілді. Бұл байқауға білім және мәдениет саласында жұмыс істейтін 8 қызметкер қатысты.
Байқаудың басты мақсаты отбасы құндылығының ерекшелігін, оның ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ғасырлық дәстүрлері мен ұстанымдарын, бақытты отбасылық өмірдің заңдылығын көрсету.
«Отбасы ошағы әрдайым әйелдің қолында. Үй шаруасын дөңгеленту оның қабілетіне байланысты, отбасы үлкендерін және жан жарын құрметтеу, балаларына деген аналық қамқорлығы, жалпы үйге түскен келіннің дағды мен таланттарына көп нәрсе тәуелді", - деп санайды байқау ұйымдастырушылары.
«Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» байқауы аясында әрбір қатысушы өзіне ат иеленді. Қатысушылар ұлттық киімде киініп, қазақтың салт-дәстүрлерін, өнерін және ұлттық дәмді тағамдарын дайындап, өз қабілеттерін көрсете отырып сайысқа түсті.
Әділ қазылар қатарында мәдениетке еңбегі сіңген қайраткерлер, көпбалалы ана, АрМПИ деканы, мұражай қызметкері, Мәдениет сарайының директоры және мәдениет бөлімінің бас маманы болды.
«Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» байқауына біздің № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан балалар бөлімінің кітапханашысы Ермағанбетова Марал Әскербайқызы қатысты. Ол отбасында аяулы жар, инабатты келін, ақылды ана ретінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Ән байқауында Марал сүйікті ұлы мен күйеуінің қолдауымен ерекшеленді.
«Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер байқауының қорытындысы бойынша біздің Марал өзіне лайықты келін атағын алды.
Марал сені құттықтаймыз!!!