"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
16.02.2023 Кітапхана күні

2023 жылғы 16 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған онкүндік аясында кітапхананың оқу залында «Мәдениет өмірі – құдірет өмірі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мәдениет пен өнер құдіретін танытып, әдебиетімізді насихаттау мақсатында өткен бұл іс-шараға қаламыздағы  мәдениет  ошақтарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де  кітап бетінен дидарласасың. Сондықтан іс-шара барысында  мәдениет қызметкерлері мен студенттер арасында  ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өрлеуі мен өнер құдіреті арқылы  еліміздің мәдениетін  өркендетіп  жүрген өнерпаздар жайында тағылымды әңгіме өрбіді.