"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
04.05.2023 «Өнеріміз саған, Қазақстан»

Қаламызда жылдағы дәстүр бойынша биыл XXXVI «Өнеріміз саған, Қазақстан»  атты облыстық көркемөнерпаздарының халық шығармашылығы байқау- фестивалі өтті. Мәдени шараға кітапхана атсалысып, театрға арнайы әзірленген жылжымалы кітап көрмесі апарылды. Көрмеге өнердің әр саласына арналған құнды әдебиеттер, мерзімді басылымдар мен әдістемелік құралдар қойылды. 1-бөлім: Қазақстан және Астана туралы фотоальбомдар; 2-бөлім: архитектура, музыка, кино, театр саласына арналған кітаптар, мысалы: «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Даналық әліппесі», «Қазақ халқының батырлық жырлары», т.б. 3-бөлім: өлкеміздің биылғы мерейтой иелері: Амангелді Иманов, Нұрқан Ахметбеков, Ақан Нұрманов, Әнуар Боранбаев, Қалибек Деріпсалдиндерге арналып, жерлестеріміздің өмірі мен өнері кітап арқылы насихатталды.