"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
28.04.2023 «Өнерлі өлкенің бір ұлы»

Торғай топырағы тума таланттарға бай өлке. Өңірден шыққан өнерлі өнерпаздар, солардың соңынан ерген ізбасарлары да аз болмады. Сондай талантты музыкант, композитор, әнші, домбырашы ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалымжан Құрманов биыл көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Жерлесімізді еске алу, жастарға шығармаларын таныстыру, насихаттау мақсатында өнер секторының қызметкерлері Арқалық политехникалық колледжінің студенттері арасында «Өнерлі өлкенің бір ұлы» атты ән сағатын өткізді. Шара барысында композитордың туған жері, өмірдерегі, алғашқы ұстаздары мен әріптестері сөз болды. Аяулы ағамыздың шығармаларына кеңінен тоқталдық, әнші 60-тан аса әндердің, 23 өлеңнің авторы, ал 6 әннің сөзін де, сазын да өзі шығарған екен. Атақты "Шертер" фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің басында белді мүшесі, артынан көркемдік жетекшісі болып, бірінші рет қамыс сырнай, үскірік, жетіген, саз сырнай, мүйіз тоқылдауық сияқты көне аспаптарда өзі шебер ойнап, басқаларға үйретуден жалықпаған. Көзі тірісінде «Человек оркестр» атанған Ғалымжан Құрмановтың адамгершілік қасиеттері, отбасы жайлы айтылып, өнер секторы қорындағы «Жұлдыздай аққан  Ғалымжан» атты естелік кітабына шолу жасалды.