"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
21.04.2023 «Кітапхана және оқырман»

Қазақстанда 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және  авторлық құқық күніне орай дәстүрлі түрде жыл сайын «КІТАП шоу» фестивалі өткізіледі. Кітап фестивалінің мақсаты: «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау мен кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Осы іс-шара аясында студенттер кітапхана фойесінде орналасқан «Кітап – ең сабырлы ұстаз», «Өлкенің ақын – жазушылары», «Кітапхана әлеміне саяхат» атты кітап көрмелерімен танысты. Әдебиеттерге шолу жасалды. Библиография әдістемелік бөлімі «КІТАП шоу –2023» фестиваліне орай «Кітапхана және оқырман» атты оқырман бенефисін өткізді.Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, үш буын өкілдері: Бисенғалиев Ғалымжан, Әуезхан Ернұр, Әбжан Нурикамал қонақ ретінде  шақырылды.