"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
21.04.2023ж «Асығып аққан жұлдыз»

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында өнер секторының ұйымдастыруымен «Асығып аққан жұлдыз» тақырыбында кеш-портрет  өткізілді. Іс-шара ҚР халық әртісі, көрнекті театр және кино актёрі Әнуар Боранбаевтың 75 жылдығына арналды. Кешке әртістің жақын інісі Мақсұт Рахилин, қарындасы Салтанат Таңатқызы, қалалық «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы- Жәнібек Ғапбасұлы, кітапхана қызметкерлері және Кейкі батыр атындағы мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Танымал жерлесіміздің өмірінен жақсы естеліктер айтылып, адами қасиеттері  сөз болды. Жиналған қауымға әртістің сомдаған рөлдері, өнер жолындағы жанкештілігі таныстырылды. Шығармашылығындағы шоқтығы биік «Гауhартас» фильмінен үзінді, әртістің өнеріне, Амангелді ауданындағы мұражайына арналған бейнероликтер тамашаланып, әдебиеттеріне шолу жасалды. Жас бүлдіршіндердің орындауында ән айтылып, ақын Ернұр Әуезханның әртіске арналған арнауымен кешіміз аяқталды.