"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
19.04.2023 «Өлең сөздің сарқылмас дариясы»

«Асылдар туып, арыстар шыққан текті ел»  кітап апталығы аясында ақын Ғафу  Қайырбековтің  95 жылдығына арналған поэзия кеші өткізілді.

Арнау өлеңнен бастау алған кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян тамашаланып, кереметтей жыр шумақтары оқылды. Сонымен қатар қаламгердің сөзіне жазылған «Ана туралы жыр» әні шырқалып,кештің сәнін келтіре түсті.

Кеш қонақтары:  Үздік өлкетанушы, оюшы, қолөнер шебері, Шыңғысхан Академиясының академигі Байдилдин Шөптібай Байділдаұлы ақын жайлы естелік әңгімелерімен бөлісіп, Арқалық педагогикалық институтының филология факультетінің аға оқытушысы, магистр, АрқМПИ доценті Абдулина Ардақ Әмірханқызы ақынның өлеңдеріне лингвистикалық талдау жасады. Сондай-ақ  Ғафу ақынның  өлең оқыған сәтінен бейнебаян тыңдалды. Поэзия кешіне Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері атсалысып, ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, құнды деректермен, рухани жан байлығымен сусындап қайтты.