"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ана – күннің шуағынан жаралған»

06.03.2018

 

Арқалық қаласындағы  № 2 ОӘҒК-да 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай № 2 ОӘҒК кітапханасының қыз-келіншектеріне арналған «Ана – күннің шуағынан жаралған»  атты мерекелік кеші өтті.

    

Халықаралық әйелдер күні – әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды. 1975 жылы – Халықаралық әйелдер жылы болып белгіленіп, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні болып табылады.

 

Мерекелік шара аясында әр отбасының ұйытқысы болып отырған ана-әжелерге, қыз-келіншектерге ән мен әзілге толы жас әнші Бекзат Ермұханұлының «Мен сені құлай сүйгенмін» атты шоу концертіне жалғасты.