"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
17.04.2023 «Батырлық біздің салтымыз»

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні  қарсаңындағы «Асылдар туып, арыстар шыққан текті ел» кітап апталығы аясында халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай «Батырлық  біздің салтымыз» атты тарихи кеш өткізілді. Кеш күмбірлеген күймен басталды. Жастарымызға батыр бабамыздың өмір жолын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеуге тамшыдай болса да үлес қосу мақсатында өткен бұл іс-шара барысында белгілі өлкетанушы Ш.Байділдәұлы батырдың балалық шағына  тоқталса, Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының аға ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев  Иман батыр әулетінің ерлік пен батырлықтары жайында тың деректері оқырмандарға жақсы әсер қалдырды. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының доценті, аға оқытушы  Ардақ Абдуллина батырдың көркем әдебиеттегі бейнесін ашып, тарихшы Баубек Аймаханұлы өмірінің соңғы кезеңі жайында баяндады.