"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
17.04.2023 «Асығып аққан жұлдыз»

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ұйымдастыруымен өткен Қазақстанның халық әртісі   Әнуар Боранбаевтың 75 жылдығына арналған іс-шараға,  өнер секторының арнайы дайындаған жылжымалы кітап көрмесі дайындалып, апарылды. Өнер иесінің өмірбаяны жазылған энциклопедиялық анықтамалықтар, шығармашылығы баяндалған фотоальбомдар мен естелік кітаптар көрмеден орын алды. Әнуар Боранбаев туралы мақалалар, очерктер, әдістемелік құралдар мен жаднамалар оқырман назарына ұсынылды. Көрменің дәйектемесі ретінде  өнер қайраткерлерінің Әнуар Боранбаев туралы айтылған жылы лебіздері алынды.