"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
10.04.2023 «Адалдығың – асылдардың асылы»

Оқу залы бөлімі «Парасат жолы» жобасы аясында Арқалық қаласының  ардагерлер кеңесінің төрағасы  Жәнібек Ғапбасұлы мен заң саласының ардагері  Алмас Болатұлы   және «Адалдық алаңы» жобалық офисінің қызметкерлерімен «Адалдығың –асылдардың асылы» тақырыбында  адалдық сағатын өткізді.  Қонақтар  сыбайлас жемқорлықпен  күрес жұмыстарының  бағыттары мен міндеттері туралы айтып өтті.  Ардагер ағаларымыз  рухани тәрбие мен  әр адамның   Отанға адал қызмет етуі мен сүйіспеншілікке тәрбиелеу  жайында ойларымен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.