"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
29.03.2023 «Өнер тұнығы ел ішінде»

27 наурыз - Халықаралық театр күні аясында өнер секторының ұйымдастыруымен «Өнер тұнығы ел ішінде» тақырыбында кеш-диалог өткізілді. Кеш қонағы, жергілікті жасөспірімдер театрының әртісі - Манетов Әлібек. Шара жалпы театр саласының қалыптасу, шығу тарихынан бастау алып, Арқалық театрының тыныс-тіршілігіне ұласты. Әртістің өмірдерегіне, шығармашылығына байланысты қызықты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Әлібек Маратұлы алғашқы сомдаған рөлдерін еске алып, әртіс мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Қонақ кәде сұралып С.Тұрғынбекұлының "Кейкі батыр" тарихи драмасынан монолог тыңдалды. Кешке  Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері атсалысты. Іс-шара соңында, Әлібек Маратұлы жастарға деген ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айына байланысты көркемсөз тарту етті. Бөлімде театр күніне арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалып, әдебиеттер кеңінен насихатталды. Қонағымызға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.