"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
20.03.2023 «Кітапханашы – парасатты жанға лайықты мамандық»

 

Әдістеме библиография бөлімінің ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында, «Кітапханашы – парасатты жанға лайықты мамандық» атты байқау болып өтті. Байқаудың мақсаты: кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтауға, жас кітапханашылардың шығармашылық бастамасы мен кәсіби шеберліктерін дамытуға, беделін арттыруға және жастар арасында кәсіптің оң имиджін қалыптастыруға ықпал ету. Жас кітапханашылар байқаудың 6 кезеңі бойынша жоғары кәсібилік, өз жұмысына адалдық, жауапкершілік және өз ісіне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Үш жас кітапханашы, Сымбат Сейтмағамбет, Гүлназ Жақия, Айзат Қанафина түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.