"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
16.03.2023 «Асыл әже - асыл қазына»

16 наурыз – Шежіре күні. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген қазақ халқы. Осы орайда Өнер бөлімінде «Асыл әже - асыл қазына» тақырыбында әжелермен мерекелік кеш өтті.  Кештің құрметті қонақтары  «Ана-дария» ұйымының белді мүшелері болды.  Ұйымның төрайымы - Бақытжамал Аяғанқызы,  қажы - Күләйхан әже,  Ғалия Бектайқызы,  Хамара Құлмұханбет әжелер қатысып,  ұлттың салт - дәстүрі,  ұлттық өнер,  ұлттық тәрбие,  ұлттық тағамдар жайлы танымдық әңгімелер айтылды. Тыңдарман қауым Хамара әжеміздің қолынан жасалған наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік кеште шашу шашылып,  бишілер би билеп,  әншілер ән айтып, көркем сөздер оқылып, мерекелік көңіл - күй болды.   Жыршы -термеші,  ақын Қуанышбай Қабенұлы бата беріп,  Ұлыс мерекесімен құттықтады.