"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
14.03.2023 «Салт-дәстүрім ғаламат, бабалардан аманат»

 

14 наурыз жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы. Ағайын мен туыс арасы бекіп, ізгі тілекпен қауышып, төс қағысар шағы. Қыстан қуатты шыққан елдің тәубе мен тілек айтатын күні. Демек, жаңарудың белгісі. Осыған орай, оқу залы «Салт-дәстүрім ғаламат – бабалардан аманат» атты фольклор кешін өткізді. Кеш басталмас бұрын   оқырмандар фойедегі «Мерекемсің , мәңгі мақтар Наурызым!» атты кітап көрмесін тамашалады. Көрмеге салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында баяндалған ғылыми-танымдық кітаптар қойылып, қолөнер бұйымдары мен зергерлер бұйымдар көрменің сәнін келтіріп, маңызын аша түскендей. Мерекелік дастарханға қойылған

әрбір жанға тән ырыстық атрибут – тостаған, қазақтарда «несібе» ұғымына айналған. Несібеміз арта берсін деген ниетте осы ұлттық ыдыс аяқтарымызға салынған ұлттық тағамдарымыздың да өзіндік тарихы бар. Жастарымызға ұлттық ұғымдардың мәнін ашу мақсатында   тағамдарымызға да шолу жасалды. Кешке қаламыздың танымал ақсақалдары мен студенттер қатысты. Кеш барысында бабадан қалған дәстүрлеріміздің маңызына тоқталды.