"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
15.03.2023 Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!

Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Осы күнге орай 15 наурыз күні облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы  абонемент бөлімінің  ұйымдастыруымен Арқалық қаласындағы  Н.Құлжанова атындағы Торғай  гуманитарлық колледжінің жатақханасында  «Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз!» атты фольклорлық ринг ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Іс-шара барысында  наурыз мейрамының шығу тарихы , және ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беріліп, ұлттық дәстүрдің ерекшеліктері  таныстырылды.

Фольклорлық рингке жатақхана  студенттері мен тәрбиешілері белсене ат салысты.  Фольклорлық сайыста студенттер  «Қазақтың салт – дәстүрлері»  «Ұлттық тағамдары»,  «Ұлттық ойындары» сынды кезеңдерде өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар «Сөздің көркі – мақал», «Сыр сандық», ойындары арқылы  салт-дәстүрлеріміздің мағынасын ашып, мақал-мәтелдердің  жалғасын тапты. Сайысымызға белсене қатысқан студенттерге кішігірім сый – сияпат көрсетіліп, естелік суретке түсті.