Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Арқалық қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен, қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Ең әдемі келіншек-2023» атты байқау болып өтті. Ғасырлар бойы ұлттық дәстүрімізді сабақтастырған байқауға біздің ұжымнан Жақия Гүлназ қатысып, «Үлгілі келін» номинациясымен марапатталды. Шын жүректен Гүлназды құттықтай отыра, отбасына бақыт пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!