Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8-наурыз ерекше күтетін мейрамдардың бірі. Барша әйел затының мерекесі қарсаңында өнер секторының ұйымдастыруымен «Әйел - әдемі құпия әлем» тақырыбында дидарласу кеші өткізілді. Кеш қонағы: Арқалық қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері, көпбалалы, жеті баланың анасы - Жанғабылова Күләш Өмірзаққызы , қызы Айзеремен. Мейманымыздың өмірдерегімен танысып, отбасы, жұбайы, балалары туралы тәрбиеге толы әңгіме естідік. Көпбалалы бақытты ананың шүкіршілігі мен балаларына деген шексіз махаббатын көрдік. Кішкентай Айзеренің орындауында «Менің әжем дара» әнін тыңдадық. Өнер секторының жанынан ашылған «Жас талант» клубының белді мүшелері, Арқалық педагогикалық институтының студенттері Гүлнұр Еркінқызы мен Назерке Сайынованың орындауларында ұлы Абайдың «Білектей арқасында өрген ғұмыр» және Құрманай Бахтиярқызының «Ана шырақ» өлеңдері тыңдалды. Бақытты ананың мерекелік сұхбатынан қыз балаларымыз өнеге, тәлім-тағылым алды деп есептейміз.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/2638-03-03-2023-jel-demi-piya-lem-2.html#sigProIddfaee17c15