"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
28.02.2023 «Боз даланың бұлбұлы»

«Боз даланың бұлбұлы». Осындай тақырыпта қаладағы политехникалық колледжінің жатақханасында жастар арасында тума талант, дарынды композитор, ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған музыкалық дәріс өткіздік. Құрмағазы бабамыздың қиындыққа, тартысқа толы тағдыры, ата-анасы, туған жері жайлы толығымен айтылып, шығармашылығына кітап арқылы шолу жасалды. Атақты «Кішкентай», «Балбырауын», «Адай», «Кісен ашқан», «Сарыарқа», т.б.күйлердің шығу тарихын тыңдап, халқымыздың тарихи деректеріне көз жүгірттік. Соның біріне тоқталсақ, күйші Орал түрмесінде жатып шешесіне арнап "Қайран шешем" атты күйін шығарады. Күй қапастағы халды суреттегендей жәй басталады. Әлден кейін жарқ етіп тұрған айдай жарқын кейіпке көшеді. Күй әсерленіп, қызынып, шапқан аттың алыстағы сарыны естілгендей болады. Аяғында баяғы ауыр дыбыстар еріксіздік үндері қайталанып келіп, ең соңында тағы да үміт сәулесі елестегендей әсер етеді. Ұлы күйші Құрманғазы күйлері - қазақ халқының баға жетпес рухани құндылықтары.