Поэзия әлемінің қайталанбас құбылысы болған, маржан сөзді ақын, алаш қайраткері, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған поэзия кеші өткізілді.
Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, бейнебаяндар тамашаланды, кеш әсем әндермен өрнектеліп, сұрақ-жауап арқылы арнайы сауалдармен қорытындыланды.
Кешімізге Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері атсалысты, олар қаламгердің өмір жолы жайлы мәліметтермен сусындап, ерекше поэзия әлемімен таныс болды. Ақынның «Сағындым», «Анашыма», «Туған жерім» «Пайғамбар», «Жан сөзі», «Түркістан, «Қазағым», сынды өлеңдері сондай-ақ, махаббат тақырындағы туындылары кештің көркін кіргізе түсті.
Мағжан – сыршыл ақын. Оның сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі еткен, әдебиет әлемінің шолпан жұлдызының еңбектері келешек ұрпақтың жадында.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/2618-21-02-23-aza-debietini-zhary-zh-ldyzy.html#sigProIde97116f656