"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауын № 2 ОӘҒК-ң қызметкерлері арасында талдау отырысы

2018 жылдың қаңтар айының 20 жұлдызында № 2  ОӘҒК-да Президент жолдауын талқылау отырыс болып өтті. Мақсаты: Елбасымыздың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауына қолдау білдіріп, барынша насихаттау.

      Кітапхана қызметкерлері жолдауда көрсетілген 10 нақты берілген міндеттін орындалу жолын талдады. Президент жолдауда 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  Сондай-ақ, индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асып, «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданғаның және де Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалынғандығын айтып өтті.

       Талдауда ОӘҒК-ң басшысы Борибаева К. Б сөз сөйлеп, оқу залының меңгерушісі Нурманова А. Ж және ақпараттық - сервистік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Грибовский Р. А баяндамаларында  Елбасымыз 10 актуалды міндеттің Қазақстанның озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын жеделдетуге ықпалы зор екендігі туралы айтқан сөзін құптайтындықтарын білдірді.

         Кітапханашы Алматова С. А мен Сейткожина Г. К өз ойларын ортаға салып, жолдаудын әр бағытына талдау жасады. Жолдаудағы жетінші міндеттегі білім берудің жаңа бағыттары мен денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар  қызметкерлер тарапынан қызығушылық тудырған ең көп талданған міндеттін бірі болды.

 Кітапхананың орынбасары Жангалиеава Р. Ж . Елбасы  жолдауындағы әрбір сөзінің сенімділікке нық толы және дұрыс бағытта екендігін, Елбасымыздың тәуелсіздік алған уақыттан бастап осы уақытқа дейінгі жүргізіп келген көреген саясатының  арқасында жеткен жетістігіміз бен қазіргі жоспарлар да шалыс бермейтінің ерекше айтып өтті.

Талдау қорытындысы бойынша кітапхана қызметкерлері   еліміздің саяси тұрақтылығы мен мінсіз саясатының  арқасында  экономикалық жаңғыруға өтуге бар жағдай жасалған деген шешімге келді.