"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
15.02.2023 «Жыр жаны, сыншы жанары»

 

Белгілі әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының 55 жасқа толуына орай , сыншының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында құрылған  «Жыр жаны, сыншы жанары» тақырыбындағы  кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.

Амангелді Кеңшілікұлы 1968 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.  Талантты сыншының қаламынан қазақтың қабырғалы қалам­герлерінің шығармашылығы жайында өзгеше өрнек, жаңаша леп, тосын оймен өрілген «Ақ жауын», «Қарлығаш-дәурен», «Жүрек сөзі», «Қазақты сүю», «Рух жыры», «Шеберлік пен шындық»  секілді ұлт руханиятының сүбелі қа­зынасына айналған кітаптар туды.