Оқырман қауымның білімін жетілдіріп, ұлы тұлғалардың өмірін насихаттау мақсатында кітапханамызда «Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты» тақырыбындағы тұрақты көрмелер, оқырмандарымызға таныстырылып, арнайы ақпараттық алаң өткізілді. Іс-шараға Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты, қатысушылар саны 31.
Дәстүрге айналған бұл іс-шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында таңдалған Төлен Әбдікұлының шығармалары мен «Жаңарған Қазақстанның жаңа бағыты» тақырыбында топтастырылған негізгі үш көрме жайлы толық ақпараттар берілген бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.