"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
07.02.2023 «Асылдар туып, арыстар шыққан текті ел»

 

Биыл, бөрілі байрақ көтеріп еркіндік аңсаумен өткен батыр бабаларымыз Шақшақ  Жәнібек Қошқарұлына 330 жыл, Аманкелді Иманов пен Кейкі Көкембайұлына 150 жыл.Айтыс өнерінің  өрен жүйрігі, арқалы ақын - Нұрхан Ахметбековке 120 жыл, Қазақ әдебиетіндегі талантты жазушылардың қатарынан ойып орын алған, өзінің қысқа ғұмырында небір өміршең туындыларды дүниеге келтірген  жазушы  Ақан Нұрмановқа 90 жыл толып отыр. Осыған орай, оқу залы  бөлімі   «Асылдар туып, арыстар шыққан текті ел» атты кітап көрмесінің тұсау кесерін өткізді. Жылдық көрменің тұсау кесер рәсімі  Арқалық қаласының  құрметті азаматы , үздік өлкетанушы Шөптібай Байділдәұлы мен айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиевке бұйырды. Көрмеге батыр бабаларымыздың  өмір тарихы мен ерліктерін баяндайтын әдебиеттер ұсынылды.  Шақшақ Жәнібектің  ерлігі мен батырлығы жөнінде философия ғылымдарының кандидаты, тарихшы  Конкина Гүлбаршын баяндаса, ел аузындағы әңгімелер мен  зерттелуі жайында Шөптібай Байділдәұлы  тарқатып айтып берді. Троғайдың топжарғаны Нұрхан ақынның шығармашылығына  Айбек Қалиев тоқталып өтті. «Ақанда аққан жұлдыз Арқадағы» өлеңін Сейтмагамбетова Сымбат нақышына келтіре орындап берді. Кітап көрмесінің ашылу салтанатын әнмен әрлеген Олжас Қапанов пен Еркінғазы Айтбаев. Көрме жыл бойына қызмет көрсететін болады.