"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
03.02.2023 «Ауғанстан ақиқаты»

15 ақпан кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығару күніне орай  кітапханамызда «Ауғанстан ақиқаты » атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты -   Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу.

Көрмеге Ауған соғысы жайында жарық көрген кітаптар «Даңқ: энциклопедиялық анықтамалық» , Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың қаламынан шыққан «Қазақтың қара майоры» Ауған соғысындағы дарынды қолбасшы, дарабоз тұлға Борис Керімбаевтың ерен ерлігіне арналған , « Намыстың құлы, Алаштың ұлы», «Тағдыр тозағы = Ад судьбы»   «Қолбасшы  күнделігі», Жантасов А. «Жартасты жастанған жасақ» және басқа да кітаптар қойылды.

Көрмені кітапхананың абонемент бөлімінен тамашалауға болады.