"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
02.02.2023 «Жүректі тербеген ән самал»

Белгілі сазгер, әнші, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдин 70 жасқа толды. Сондай игі шараның бірі облыстық №2 кітапхананың өнер секторының ұйымдастырумен өткен "Жүректі тербеген ән самал" тақырыбындағы ән кеші. Кеш барысында сазгердің өмірдерегі айтылып, шығармашылығына толық шолу жасалады. Ән әлемнің саңлағы Қалибек Деріпсалдин 160-тан астам әндердің авторы. Болмысы бөлек, лирикалық шығармалары әр түрлі сахналардан шырқалып өз тыңдармандарын тапқан. "Айлы түнде", "Ерке құсым", "Көктем қыздар", "Жан еркем", "Қостанай, достар-ай" секілді әндері өнерсүйер қауымға кеңінен танылғаны қашан! Композитордың әндерін орындаушылар арасында "Көктем қыздар" атты республикалық байқаудың жыл сайын өтуі жақсы бір дәстүрге айналған. Кеште сазгердің "Айлы түнде", "Ақбота", "Көктем қыздар"  әндерін кітапхана қызметкері Еркінғазы Жұмағазыұлы  мен Б. Байқадамов атындағы саз мектебінің ұстазы Гүлнұр Балташқызы "Адамдар аққуларды атпаңдаршы", "Қазына" халықтық хор ұжымының мүшелерінің орындауында"Айлы түнде" әндері орындалып көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қалибек Деріпсалдиннің мерейтойына арналған  кеш жоғары деңгейде өтіп, кітапсүйер, әнсүйер оқырманға ерекше әсер сыйлай берді деген сенімдеміз. Кешті ұйымдастырып, өткізген өнер секторының меңгерушісі Әлия Қарсақбайқызы Әубәкірова. Шараға қаладағы "Қазына" ардагерлер хор ұжымының мүшелері, Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен #1 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.