"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
26.01.2023  «Мастер русского слова»

Орыс жазушысы Алексей Толстойдың 140 жылдық мерейтойына орай «Biblioplus» жобасы аясында «Алтын кілт» балабақшасының қызметкерлерімен «Мастер русского слова» атты тақырыпта кеш-портрет өтті. Көрермендерге ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

Алексей Николаевич Толстой - орыс  жазушысы, қоғам қайраткері. Бірінші дәрежелі үш Сталиндік сыйлықтың лауреаты.

Алексей Толстойдың шығармашылық мұрасы әртүрлі жанрлармен ерекшеленеді: өлеңдер, пьесалар, әңгімелер, ертегілер, романдар.  Жазушының шығармалары орыс әдебиетінің «алтын қорында» мәңгі сақталады.

Алексей Толстой орыс әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды. Ол жарқын да сан қырлы талант иесі болды. Оның шығармалары  бес ғасырдан астам Ресей тарихын қамтиды.

Қаламгер  әлеуметтік-психологиялық, тарихи, ғылыми-фантастикалық және публицистикалық шығармалардың, өлеңдер мен пьесалардың авторы. Алексей Николаевич бізге тамаша ертегілер сыйлаған жазушы ретінде де танымал. Солардың бірі – «Алтын кілт», немесе «Буратиноның шытырман оқиғалары». Ал «Аэлита» мен «Инженер Гариннің гиперболоиды» романдары кеңестік фантастиканың классикасына айналды.

Ол өзінің бүкіл шығармашылық ғұмырында кереметтей туындыларын Отанына, орыс сөзіне, халық ертегісіне деген сүйіспеншілікпен жазды. Ал бұл сезімдер оның орыс әдебиетінің алтын қорында мәңгі сақталатын шығармаларында көрініс тапқан.