"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.01.2023 2023 жылдың алғашқы оқырманы!

Киелі шаңырағымызға осы жылы оқырмандарымыздың алды болып аяқ басқан жылдың алғашқы оқырманы, үздік өлкетанушы, қолөнер шебері, қаламыздың құрметті азаматы Байділдин Шөптібай Байділдаұлы. Ғылымға жаны құмар, тарихымызды түгендеп, келешек ұрпақтың игілігіне жарар туындыларымен әдебиетіміз бен мәдениетімізге үлес қосқан үлгілі тұлға Шөптібай Байділдаұлы кітапханамызға алғашқы болып келіп, жаңа жинақтармен танысып, көркем әдебиет әлемінен сусындап, жаңа жұмыс жылына толағай табыстар тілей отырып, өз жылы лебіз тілектерін білдірді. Бізде оюмен ой айтқан қолөнер шеберіне алғысымызды білдіріп, алғашқы оқырманымызға Қайсар Әлімнің «Махаббат жыршысы» кітабын сыйға тарттық. Жаңа жұмыс жылы басталған сәттен кітап сүйер қауым бірден кітапханаға жол тартқан, атап айтсақ Уахит Абылайхан, Құсайынова Сәуле,Мейрам Мерейжан, Серебрянникова Фрида, Большаков Богдан сынды оқырмандарымыз оқудан қол үзбек емес. Демалыстан соң кітапханамызды сағынып жеткен оқырмандарымыздың оқуға құштарлығы қуантады, жаңа жылда кітап сүйер оқырмандарымыз көбейе берсін!

05.01.22 7