"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Қаламыздағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 2022 жұмыс жылын жақсы нәтижелермен, жақсы көңіл күймен қорытындылады

Қаламыздағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 2022 жұмыс жылын жақсы нәтижелермен, жақсы көңіл күймен қорытындылады. Кітапхана басшысы Бөрібаева Қ.Б. қітапхана ұжымын мерекемен құттықтап еңбектеріне табыс тіледі. Іс-шара барысында бірқатар әріптестеріміз мақтау қағаздармен, төс белгімен марапатталды. Желтоқсан оқиғасына қатысушы, өнер бөлімінің меңгерушісі, Әубәкірова Әлия Қарсақбайқызы кітапхана басшысының алғыс хатымен, оқу залының меңгерушісі Алматова Сәуле Ахметқызы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының «Мақтау қағазымен», балалар бөлімінің меңгерушісі Есмағамбетова Сандуғаш Қазыбекқызы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы»төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, отбастарына амандық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!

30.12.22 6

30.12.22 6

30.12.22 6