Қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілуде. Қасиетті Торғай топырағынан шыққан ұлағатты ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, оның мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру баршамызға ортақ міндет. Соның бір айғағы бүгін қаламыздағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты қалалық конференциясы өткізілді. Жиынға қала әкімнің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы Әубәкіров қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференцияда АрПИ доценті, магистр, аға оқытушы Ардақ Абдуллина, облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайының ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев, қаламыздағы орта мектеп ұстаздары Какимжанова Асел, Қуаныш Нұрбек, Байбосынова Толғанай, оқушылар Марякова Дильназ, Қонысқара Таңшолпан, Кабжалалова Ақнұр баяндама жасады. Жиын соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
А.Байтұрсынұлының еңбектері ешқашан тарихи маңызын жоймайды және ғылыми мұралары ұлттық санамызды кемелдендіру жолындағы рухани азық болары сөзсіз.