«Ерлік пен махаббат жыршысы» жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай, абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен кітапханамыздың оқу залында «Махаббат, қызық, мол жылдар» атты оқырман конференциясы өткізілді.
Оқырман конференциясы барысында жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Оқырмандардың ой толғамына әсер еткен автор шығармаларының ішіндегі маңыздысы шынайы махаббат тақырыбы болды. Өз кезегінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық инситутының студенттері Жусупова Раушан мен Абатайқызы Бибі «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасына баяндама жасап, пікір алмасты.Шығарма кейіпкерлері Ербол мен Меңтайдың іңкәр махаббаты, кіршіксіз сезімі, сенімі, жастық шағы жөнінде тереңнен ой қозғалды. Сонымен бірге шығарманың көркем тілі, мазмұны кеңінен талқыланды. Қазіргі уақытта өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты ескі қоғаммен жаңа замандағы сезім айырмашылығы жайлы сұрақтар бойынша Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері өз пікірлерін ортаға салды. Конференция соңында әріптесіміз Айтбаев Еркінғазының орындауында М.Шахановтың сөзіне жазылған . «Ең алғашқы махаббат» әні керемет әсерге бөледі.