"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
17.11.2022 «Елдің алып тұлғасы» жазушы Төлен Әбдікұлы 80 жаста

Қиялы ұшқыр, қаламы жүйрік қаламгер Төлен Әбдікұлының 80 жасқа толуына орай үздік жанның үлгі болар өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Елдің алып тұлғасы» атты әдеби кеш өткізілді. Кешіміздің құрметті қонағы өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдаұлы жазушы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шарамызға Арқалық педагогикалық институтының және тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері атсалысты. Кеш шымылдығы күмбірлеген күймен ашылып, студенттеріміз жазушы шығармалары жайлы өз ойларымен бөлісіп, ерекшеліктерін баяндады, әсем әнмен өрнектелген әдеби кеш оқырман көңілінен шықты деген үміттеміз.

Төлен Әбдікұлы 2002 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. Сонымен қатар 2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы мен алтын медалі берілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 2013 жылы "Парасат" ордені берілді.

Қиялы ұшқыр суреткердің өзіндік қолтаңбасы аз жазса да, оқырманға терең ой тастайтындығымен, мәнді жазатындығымен, сөйлемдері қысқа әрі нұсқа болып келетіндігімен ерекшеленеді.

Осы сынды іс-шаралардың оқырман қауымға берері мол, тәлім тәрбиеге толы.

17.11.22 1

17.11.22 1