"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
28.10.2022 «Кітапхан. Қоғам. Мүгедек»

28.10.2022 ж. күні Әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана. Қоғам. Мүгедек» тақырыбында аймақтық зерделі кеңес өткізілді.

Зерделі кеңестің мақсаты: Заманауи қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделу мен олардың тұлғалық дамып өсуіне ат салысу, қоғамның бір бөлігі ретінде қалыптастыру.

Зерделі кеңеске Арқалық ОКЖ, Жангелдин ОКЖ орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері, қаламыздағы оқу орындарының кітапханашылары, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын әлеуметтік сала қызметкерлері де қатысты. Зерделі кеңесті Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді, Кеңес барысында психоневралогиялық ауруы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесінің дефектологы Берік Асылжан «Күндізгі болу бөлімшесі мен кітапхана арасындағы іскерлік пен ынтымақтастық», Арқалық қаласы ОКЖ библиографы Италмасов Айтжан Құрымғалиұлы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кітапқа бейімдеу арқылы сауықтыру», Жангелді аудандық кітапхана жүйесінің кітапханашысы Бижанова Роза Қуанқызы «Кітапханадағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс», №2 ОӘҒК балалар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Есмағамбетова Сандуғаш Қазыбекқызы, «Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері», оқу залы бөлімінің кітапханашысы Қабылова Гүлнар «Кітапхана-ашық әлем» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Шарадағы баяндамашылардың жұмыс барысы мүмкіндігі шектеулі балалармен одан әрі жұмыс жасап, дамытуды мақсат етті. Кеңес соңында кітапханашылар тақырып барысында осы бағыттағы іс-тәжірибелерімен бөлісіп , өз ұсыныстарын да білдірді. Аймақтық семинардың қортынды бөлімінде кітапхана басшысы Қазына Байсабековна орталықтандырылған кітапхана қорларына «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» атты анықтаманы және желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қуандық Ермұханбетұлының «1 жыл. 11 ай. 3 күн» атты кітабын сыйға тартты. Сондай ақ бір қатар кітапханашылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

01.11.22 1

01.11.22 1

01.11.22 1

01.11.22 1

01.11.22 1

01.11.22 1

01.11.22 1

01.11.22 1