"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
21.10.22 "Кітапханатүні — 2022"

2022 жылдың 20 қазанында кітапхананың мәдени өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі-"Кітапханатүні — 2022" акциясы өтті. Биылғы жылғы кітапхана түні біздің сүйікті қаламыздың туған күніне және Республика күніне арналды. Келушілерге арнайы мастер- класстар, кездесулер, ойындар, түрлі көрмелер мен зияткерлік сайыстар ұйымдастырылды.

Кітапханашылар дайындаған жиырма алаң Арқалық қаласының тұрғындарына есігін айқара ашты. Кітапхана-бұл оқырмандардың бір-бірімен сөйлесуге, оқуға уақыт бөлуге себеп.

Кітапханашылар өз қонақтарына ұмытылмас мерекелік іс-шаралар дайындап, ешкімді жалықтырмайтындай мереке өткізуге тырысты. Олар кітапхананы бәрі мүмкін болатын орынға айналдырды: өз қолдарымен әртүрлі заттар жасап, өздерін эрудицияға тексеріп және көптеген жаңашылдықты үйренді. Кітапхана қонақтары мүмкіндігінше көп нәрсені көруге тырысты және көңілдерінен шықты деп ойлаймыз.

Ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Т. Ғ. Әубәкіров және басқа қонақтар барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, кітаппен дос болуға шақырды. Бірінші қабатта: "Қызықты ойындар қалашығына саяхат" библиоквесті, «Мықты болсаң тауып көр!», «Ойнайық та, ойлайық!», Музыкалық караоке, дискотека, «Оқыда біл, ән айт та күл!", «Виртуалды саяхат», "Гүлдей жайна, Арқалық!", "3 Divny world" виртуалды агенттігі, "Мен және кітап әлемі" фотосессиясы және т.б. ойын-сауықтар өтті. Екінші қабатта: «Тарихы тағылымға толы Арқалық» сұрақ-жауап көрмесі, «Түнде оянған акция» ақпараттық алаңы «Бір ел, бір кітап-2022"аясында өтті. «Арқада Арқалықтай бір қала бар» атты әдебиет жәрмеңкесінде (әдеби ойындар, сұрақтар, интеллектуалды байқаулар, әдеби аукцион), және тағыда басқа іс-шаралар өтті.

Үшінші қабатта "Ұлт тарихы - ұрпақ мақтанышы" деген тақырыпта Шөптібай Байділдаұлының "Тарихымызды түгендейік" атты кітабының тұсаукесері болды. , "Интеллектуалды түнгі кітапхана", «Ой санаңды дамыт!» қара жәшіктегі сұрақтар, "Ән құшағындағы Арқалық" әуенді тап, библиокафе "Казынаға толы түнгі әлем", «Сұлулыққа іңкәрлік» сәндік дефиле-көрсетілім, "БиблиоFRESH" библиомозаика өтті.

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1

21.10.22 1