Қазақтың ұлы жазушысы,белгілі қоғам қайраткері М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай, абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасының жиналыс залында «Азаттық рухының алтын адамы» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты – жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, және біздің кітапханамыздың қорындағы жазушы туралы барлық әдебиеттерді ұсыну.
Бүгінгі әдеби кешімізде Әуезов әлемі – өткені мен болашағын тарихи қазіргі заманмен байланыстыратын алтын көпір. Әуезовтің арқасында әлем тек Абай туралы ғана емес қазақ тілінің шұрайы халқымыздың бай тарихы ұлттық құндылықтары, сан ғасырлық өшпес рухы туралы да білді. Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана.
Іс – шарада студенттерге жазушының өмірі, шығармашылық, қызметтік жолдары және кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кеште жазушының бейнежазбасы тамашаланып, арнау өлеңдерін Соқабаева Аружан, Жұмаханова Айсұлу,Сәбит Көркем оқыды. Әлемге Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған, халқымыздың кемеңгер перзенті, дара және дана Мұхтар Омарханұлы Әуезовті қазақ мәңгілік жоқтап өтеді.
05.10.2022 «Азаттық рухының алтын адамы»